Аналар асыл қазынам!
Мақсаты:Балаларға
8-наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып,аналардың ешқашан
ренжітпеуге,қолғанат болуға әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:Қымбатты
балалар,сүйікті апалар,құрметті әріптестер!Бүгін біз көкктемнің алғашқы
мерекесі күні 8-наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз.Мерекелеріңіз
құтты болсын!
Бала, бала,бала
деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт
бөліп
Түнде бесік
таянған.
Қаймақты сүттей
қалқытқан
Суық болса жүргегі
Қорғасындай
балқытқан
Айналасына ас
қойып,
Өзенді кқлдей
шалқытқан
Қолын қатты
тигізбей
Иісің жұпар
аңқытқан
Бұл кім.?
Балалар
:Ана,ана,ана!
Жүргізуші:Құрметті
апалар,қадамдарына гүл бітсін,сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Бүгін наурыздың 8-і
Сұлулықтң негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
Амина
Мені жақсы көреді
Қүндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Арнур
Ананың біз гүліміз
Ана біздің күніміз
Ұландарды қуантыпндей
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ахмет
Жоқтатпаймын
әпкемді
Қоям шайын
қайнатып,
Жылай қалса бөпемді
Жұбатамын ойнатып,
Жүргізуші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық
Ән «Айналайын ақ
мамам»
Жүргізуші:
Жүргізуші:Бүгінгі
мереке әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз «Қариясы бар
үйдің,қазынасы бар»деп бекер айтылмаған.Келесі құттықтауларымыз сіздерге
арналады құрметті әжелер.
Камиль
Менің әжем ақ,ақ
әжем
Ұл мен қызыдң бағы
әжем
Ертегі айтып бер
десең
Айтып берер тағы
әжем
Мадияр
Менің әжем,жыр әжем
Шуағы мол нұр әжем
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есе жүр әжем
Аян
Әжемдей данадан
Ертекке қанамын
Шақырса даладан,
Жүгіріп барамын
Іңкәр
Сағындым
,әже,өзіңді,
Мейірімді көзіңді,
Ертегіңді сағындым,
Құлыным деген
сөзіңді.
Аделина
Сағындым ,әже,
сағындым
Мейіріңе табындым,
Демалысқа шығамыз
Аяғында мамырдың.
Қ.Асанали
Сағындым ,әже, сені
шың,
Даңалықтың кеңісің
Құрт -майыңды
сағындым
Сақтап қойған мен
үшін.
Дияр
Өзін мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам
кешірген
Шқлдедің бе дана
әжем.
Батырхан
Шай қайнатып
берейін
Шекер салып жан
әжем
Өзім құйып берейін
Балдай тәттә бал
әжем.
Нурая
Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
Дәрия
Біз дәрісін табамыз
Қамқорлыққа аламыз
Әжемізді өзіміз
Демде емдеп аламыз.
Ән «Әже»
Ойын «Кім тез гүл
тереді?»
Шарты:Ортаға
балалар шығады.Жерде түрлі-түсті әдемі
гүлдер жатады.Көңілді музыка қойылады,Балалар музыка ырғағымен билейді.Ырғақ
тоқалғанда балаларжерде жатқан гүлдерді тереді.
Есік қағылып көк
көйлек киген Ару көктем келеді.
Ару көктем:
Мен көңілді
көктемнің
Былтыр келіп
кеткенмін
Көзін ашып бұлақтың
Түбіне тал
еккенмін.
Гүл болып қырда
егілем,
Дән болып жерге
себілем,
Жаңбыр болып жауам
да
Шуғын төгіп әлемге
Жылуые күннің
әкелем.
Табиғаттың төсіне
тіршілігін сыйлаймын.
Жүргізуші:Амансың
ба Ару көктем?Ұлан байтақ жерімізге қош келдіңіз! Шуғынды шаттандырып,нұрынды
мол төге бер.
Ару көктем:Балалар
сендер меніме бірге ойнағыларын келеді ме?
Балалар:ИәОйын «Гүлді
жина» эстафетасы
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында
орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден
алады. Сосын құмыраға салады.
Көктем :Жарайсыңда
балалар!
Көктем:Мынау менің
құшағым толы қыр гүлін,гүлдей жайнаған қыздарға сыйлағым келіп отыр деп
гүлдерді таратады.Осы гүлдей құлпыра беріңдер,Аяулы аналар ,ардақты әжелер
мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші:Ал,Ару
көктем біздің балаларымыздың өзіңі арналған тақпақтарын қабыл ал!
Қ.Асанали
Сансыз көкек
сұңқылдап,
Көктем келді
ертелеп,
Нәзік үнмен
сыңқылдап
Бұйра бұлақ
еркелеп.
Іңкәр
Көктем,көктем,көктемде
Құстар келіп
жеткенде
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз
Қайрат
Көктем келді бүгін
Күнін төкті нұрын
Сайрап барлық
құстар
Ән салуға құштар.
Мади
Көктем келді
кұркіреп,
Жаңбыр жауды
сіркіреп
Бәйшешектер
дүркіреп
Шыға келді қыр
түлеп.
Хасан
Міне,келді көктем
де
Күн \ұзара бастады.
Улап шулап балалар,
Уя жасап тастады.
Ән «Көктем»
Жүргізуші: Ананың
әрбір сөзі жақсылыққа толы.Ананың көзі нұры, мейірімі тастай мұздыды да
жібітеді.Сүйікті аналар сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерің қабыл
алыңыздар!
Нұрәлі
Ана әнмен
тербетеді,
Күйге бөлеп жанынды
Көңілінді сергітеді
Балбыратып тәңінді.
М.Асанали
Жарқын жүзді жан
апам,
Сендей болсын бар
адам.
Сендей болса бар
адам
Шаттық кетпес
баладан.
Жүргізуші:Балалар
бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.Көңілді музыка
ырғағымен Сайқымазақ кіріп келеді.
Сайқымазақ:Жан
жағыма қарасам
Қонақтар өте көп
екен
Апайларда мұңда көп
Мен сайқымазақпын
Ұнаймын жұрттың
бәріне
Үлкенге де кішіге
Келіп қалдым мен
бүгін
Құттықтауға
сіздерді
Аналарды,қыздарды
Сүйікті әжелерді.
Жүргізуші:Рахмет
,саған Сайқымазақ.
Сайқымазақ: Ойын «Ананы дауысынан тану» Енді
құлақтарыңның естуін тексерейік.
Шарты:Қазір сендер көздеріңді жұмып отырыңдар. Ал бір
баланың анасы оны «қошақаным» немесе «ботақаным» деп шақырады. Сендердің
мақсаттарың ананың даусын тану.
Ойын «Ананы дауысынан тану»
Ата-аналарға
құттықтау сөз кезегңн беру.
Жүргізуші:Сүйкімді
ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне,осындай
қойылым
Көрсетті «Әйгерім»бала
–бақшасы
Құрметті аналар мен
әжелер!Сіздерді «Ақбота »тобыеның бүлдіршіндері атынан шың жүректен
құттықтаймыз!Аяулы аналарымыз,Ардақты әжелеріміз,сүйкімді балаларымыз әрқашан
аман болсын!