Тақырыбы: «Ғажайып көбелек»
Сабақтың әдіс - тәсілі: ертегітерапия, құмтерапиясы.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру, релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.
Сабақтың барысы
Міне сендерді өзімнің сабағымда көріп тұрғаныма қуаныштымын.
Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук - тук дейді. Енді осы кішкене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір - бірімізді жылытайық. Бір – бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болумыз керек. Балалар, мен сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы, айнала қандай әдемі.
Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.
1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек - кезек алдыға созу).
2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).
3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).
4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып - тұру).
5. Жан - жануарлар да ояна бастады. (Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу).
6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)
Мына әдемі көбелек біздерді қайда шақырып тұр? кәне артынан барайықшы
Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып көбелектің түсі» ертегіні айтады:
- Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан - жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып. Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді. Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіңдер? Қорқынышты түстер көресіңдер ме?
Психолог: Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.
Психолог: Міне, біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. Балалар біз мына көбелектерге қандай түс көргілерің келеді? Соның суретін салып бояйық. Балалар сурет салады.
«Болады, болмайды» жаттығуы.
Барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса - онда аяқпен топылдатады.
Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді - алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр - аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.
Тренинг: қорқыныш
Орманда қараңғы, түрлі дыбыстар шығады. Ол не екен? Қорқып кеттік. Балалар, қорыққанда не істейміз? Тұрып қаламыз. (Мимикамен көрсетеді) көзін жұмады. Ой, қорқынышты болып кетті, бұл қорқынышты жануар шығар, бір дауыс естіледі. (Мяу) Көзімізді ашып қарайық. Ол кішкентай мысық екен. Оны қолымызға алайық, жылытайық, сипайық. Міне, мысықпен дос боламыз, енді қорықпаймыз.
«Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты
8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
Жүргізуші:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық
Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз
Көңілді музыка ойналып залға балалар кіреді.
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеде біз өз өнерлерімізді аналар мен әжелерге арнап, жылы лебіздеріміз бен махаббатмызды әнмен және бимен жеткіземіз. Сонымен қатар түрлі тапсырмаларды орындауға тырысамыз.
Жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
Жүргізуші: Кәне балалар ана туралы қандай тақпақтар білеміз? Тақпақтарын айтуға ортаға:
1.Асима: Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
2.Вова:
Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым.
3. Али : Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
4.Әліби: Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
5.Інжу:
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
6. Аяна: Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
Жүргізуші: Келесі кезекті әсем әнге берейік.
Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен».
Жүргізуші:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейрамыңмен
Аяулы біздің аналар!
Ойын: «Кім шапшаң»
Балалар қасықпен бір жерден екінші жерге киндерлерді тасып апару керек.
Жүргізуші:
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын, мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
Би: «Қуыршақтар»
Жүргізуші: Айналдым ана деген асыл аттан,
Шуағын бар әлемге жарқыратқан
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан,
Ойын: «Анаңды дауысынан таны»
Балалар өз аналарын дауыстарынан тану керек.
Жүргізуші:
Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөзі баланың,
Анаға айтар лебізі.
Анасыз жоқ бір күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің.
Ұсынамыз біз бүгін,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Тақпақтар:
1. Аиша:Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
2.Алина:
Менің әжем, гүл әжем
Алтын әжем, күн әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз ана тілі әжем.
3. Ерали:Ақ әжемді әрқашан.
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін.
4.Ансар: Мені жақсы көреді.
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.
Ән: «Әже»
Жүргізуші:
Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Мерекеде баршаға
Көңілді би арнаймыз
Біздің кішкентай ұлдар,қыздар өз билерін аналарымен әжелеріне және топтағы қыздарға да арнайды.
Би: «Маша»
Жүргізуші:
Сегізінші наурыз келді
Шаттық сезім ап келді
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймын сіздерді!
Ойын: «Гүлзардағы гүлдер»
Балалар гүлзарға гүлдерді жылдам жинау керек.
Жүргізуші:
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.
Тақпақтар:
1.Айкөркем: Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым.
2.Қайрат: Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым.
3.Нурали:
Анашым, анам,
Ризамын саған,
Тіліңді алам,
Ақылды болам.
4.Жансұлу: Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
5.Нүртас:
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
6.Дамира:Жүрегімізге қараңыз,
Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күн шуақ,
Бізге қымбат анамыз.
Жүргізуші: ал енді қыздар мен ер балаларды «Твист» биіне шақырамын.
Жүргізуші: Балалар аналар мерекесімен бірге шуақты көктем жыл мезгілі келеді.
Ортаға өз тақпақтарымен балаларды шақырамын.
1.Мақсат:
Көктем,көктем,көктемде,
Құстар келіп жетенде
Қуанып бір қаламыз,
Әнмен қарсы аламыз.
2.Адина:
Көктем келді күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп,
Бәйшешектер дүркіреп,
Шыға келді қыр түлеп.
3.Әлімжан:
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
4.Асима:
Көлде аққу,көкте қаз.
Орманда бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем кеп,
Құлпырып дала жайнаған.
Ән «Көктем»
Жүргізуші: Біздің ер балаларымыздың «Ақбота» тобының қыздарына арналған билері бар екен кәне қарсы алайық.
Би «Жігіттер»
.
Жүргізуші:
Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Балалар кезектесіп өз сыйлықтарын аналарына және қыздарға сыйлайды
Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды, қымбатты да аяулы аналар мен әжелер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздерсіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!