"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КОКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "ӘЙГЕРІМ" БАЛАБАҚШАСЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "АЙГЕРИМ" ГОРОДА  КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

2021-2022 оқу жылы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нормашығармашылық қызмет

“Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының “Әйгерім” балабақшасы Мемлекеттік коммуналдық қазыналық орталығы”

ЖАРҒЫСЫ

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.1. Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы №8 «Айгерім» балабақшасы»  мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны (әрі қарай – Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

  1.  
  2.  
  3.  

1.5. Кәсіпорынды басқару органы Көкшетау қаласының әкімдігі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган)  болып табылады.

  1.  мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны; қысқаша атауы: Көкшетау қаласы қ.әкімдігінің жанындағы №8 «Айгерім» балабақшасы»  МКҚК;

1.7.      Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл көшесі, 187.

 

  1. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі

 

  1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
  2. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі, бұраштама мөртабандары болады.
  3. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтыќ-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.
  4. Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

 

  1. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

 

  1. Кәсіпорын қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында қызмет атқару болып табылады.
  2. Кәсіпорынның мақсаты баланың жас және өзіне тән ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның тұлғасын құру және дамыту болып табылады, мектепке дейінгі тәрбиенің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде құрылған бағдарламаларымен және оқу жоспарларымен іске асырылады.

3.3.     Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.

3.4.     Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі жергілікті атқарушы органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

3.5.     Кәсіпорын басшысының заңды тұлғаның Жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

 

  1. Кәсіпорынды басқару

 

4.1.     Жергілікті атқарушы орган:

            1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

            2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;

            3) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;

            4) Кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

            5) Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

            6) Кәсіпорынға коммуналдық мүлікті бекітеді;

           

            7) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

            8) Кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

            9) Кәсіпорын мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

            10) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Кәсіпорынның басшысы оның органы болып табылады.
  2. Жергілікті атқарушы органы Кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді. Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігі уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын басшысының жауапкершілігі айқындалады.
  3. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
  4. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
  5. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  6. Басшы:

            1) кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

            2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

            3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

            4) сенімхаттар береді;

            5) банктік шоттар ашады;

            6) кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

            9) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін жергілікті атқарушы органына кандидатуралар ұсынады;

            10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

                        11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

 

 

  1. Кәсіпорын мүлкі

 

  1. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.
  2. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
  3. Кәсіпорынның мүлкі:

- оған меншік иесі берген мүліктің;

            - өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

            - Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

  1. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету їшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
  2. Жедел басқару құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. Жедел басқарудағы мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның жедел басқаруына түседі.
  4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке жедел басќару құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім ќабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
  5. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
  6. Кәсіпорынның мүлкіне жедел басқару құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша тоқтатылады.
  7. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жергілікті атқарушы орган Кәсіпорнынан бекітілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.
  8. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде жергілікті атқарушы орган Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді
  9. Жарғының 5.8. көзделген жағдайларды қоспағанда, негізгі құралдарға жататын, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге, дебиторлық берешекті жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен ғана беруге және есептен шығаруға құқылы.
  10. Кәсіпорын оған жедел басқару құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

 

 

  1. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

 

  1. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады. Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы орган айқындайды.
  2. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган белгілейді. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен сәйкесті бюджетке аударылуы тиіс. Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін сәйкесті бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
  3. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады. Кәсіпорын өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары  жергілікті атқарушы органымен белгіленеді.
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

 

  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталы

 

7.1.     Кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптасады.

 

  1. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

 

8.1.     Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

8.2.     Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

 

 

 

 

 

 

  1. Кәсіпорынның жауапкершілігі

 

9.1.     Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақша жеткiлiксiз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

 

 

  1. Еңбек ұжымымен өзара қатынас

 

10.1.   Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындаєы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

10.2.   Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс және сағат 08.00- ден 18.30-ға дейін белгіленеді, демалыс күндері – сенбі, жексенбі.

 

  1. Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу

 

11.1.   Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын жергілікті атқарушы орган белгілейді.

11.2.   Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.

11.3.   Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн жергілікті атқарушы орган белгiлейдi.

 

  1. Білім беру ұйымына балаларды қабылдау тәртібі

 

12.1.   Білім беру ұйымына балаларды қабылдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

12.2.   Білім беру ұйымы және ата-аналар арасында қарым-қатынастар келісім-шартпен анықталады.

12.3.   Білім беру ұйымына баланы қабылдау онда бос орын болған жағдайда жыл бойы жүргізіледі.

12.4    Балабақшаны толықтыру келесідей жасқа байланысты топтар болады:

         3 жастан 6 жасқа дейінгі  (мемлекеттік тілде) – 20 баладан кем емес;

         3 жастан 6 жасқа дейінгі (орыс тілде) – 20 баладан кем емес;

 

 

12.5 Кәсіпорынға 40 баланы қабылдау мемлекеттік сұранысқа сай, одан асса-коммерциялық негізінде жүргізіледі.

12.6. Балалардың білім беру ұйымынан шығару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

.

  1. Білім беру үрдісін ұйымдастыру тәртібі

 

13.1.   Білім беру үрдісін ұйымдастыру мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленетін және бекітілетін балаларды дамытудың жалпы білім беру бағдарламаларымен айқындалады және белгіленеді.

13.2.   Оқу-тәрбие үрдісі балалар үшін ерекше болып табылатын қызметтің түрлерін ескере отырып жүзеге асырылады: ойындар, құрастыру, бейнелеу, музыкалық, театрландырылған, қозғалыс белсенділігі, сондай-ақ балаға жеке тұрғыдан қарауды, балалардың жастық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әртүрлі кіші топтарымен жұмыс жасау мүмкіндігін көздейді.

13.3.   Оқу-тәрбие және ұйымды-әдістемелік жұмыстарды әдіскер, экологиялық тәрбиеші,  педагог-психолог, қазақ тілі мұғалімі, музыка жетекшісі, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, медициналық мейірбике жүргізеді.

13.4.   Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді. 

13.5.   Білім беру ұйымының қызметкерлері оқыту-тәрбиелеу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

13.6.   Білім беру ұйымындағы балаларға тәрбие беру және оқыту мемлекеттік  тілде жүзеге асырылады, екі топта – мемлекеттік тілде.

13.7.   Білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, оларды өткізудің нысандарын және тәртібін, сабақтар кестесі білім беру ұйымымен өз еркімен анықталады. Жұмыстың негізгі кестесі – бескүндік. Ақылы қызметтерімен жұмыс кестесі – жетікүндік.

13.8.   Балабақша тамақ өнімдерін нормалы түрде мерзіміне сай тамақтандыруды қамтамасыз етіледі. Тамақтың еселігі күн тәртібін есепке алуымен ұйымдастырылады.

 

 

14.Ақылы қызыметтерді ұсыну тізімі мен тәртібі.

 

14.1. Қолданыстағы заңнамаға,Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңына сәйкес Кәсіпорының оқу бағдарламасына қосымша білім беру және сауықтыру қызыметтері жүйесі енгізіледі.

14.2  .Ақылы негіздегі білім беру және сауықтыру қызыметтері негізгі білім беру, үрдісіне қосымша арнайы курстар түрінде ұсынылады. Басышымен белгіленетін ақылы  қызыметтердің тізімінде үйірмелік жұмыстарды ұйымдастыру.ағылшын тілін үйрету, қазақ тілін үйрету (қосымша),логопетік қызымет көрсету,Кәсіпорнның жұмыс тәртібінен тыс уакыттынан сағат 18.30-дан 19.30-ға дейін және  сенбі,жексенбі күндері   балаларға қарау кезекші топтарды ұйымдастыру қарастырылуы мүмкін.

14.3.Ақылы қосымша қызымет көрсетуден ьүскен қаржы білім беру үрдісіне.оның ішінде оқу жабдығын.әдебиеттерді  сатып алуға.Кәсіпорын қызыметкерлеріне қосымша төлемақы жүргізуге жұмсалады.

 

  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

 

14.1.   Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүргізіледі. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

14.2.   Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

14.3.   Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

14.4.   Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

 

 

 

 

 

 

  1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі.

 

15.1.   Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды жергілікті атқарушы органдар енгізеді немесе оған жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, коммуналдық мүлкіне билік етуге өкілетті атқарушы органға өкілеттік беріледі

Жаңартылған күні: 03.04.2019 17:49
Құрылған күні: 23.02.2021 11:37

Текст