Тақырыбы: «Ғажайып көбелек»
Сабақтың әдіс - тәсілі: ертегітерапия, құмтерапиясы.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру. Ішкі күйзелісті түсіру, релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.
Сабақтың барысы
Міне сендерді өзімнің сабағымда көріп тұрғаныма қуаныштымын.
Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук - тук дейді. Енді осы кішкене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір - бірімізді жылытайық. Бір – бірінің қолдарын ұстасады. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі тұрғындарға апарып көмектесейік. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болумыз керек. Балалар, мен сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы, айнала қандай әдемі.
Психолог: Балалар сендер шыныққан сайын таңғажайып әлеміне жан біте бастады.
1. Жылы жаңбыр да жауды (екі қол артта, кезек - кезек алдыға созу).
2. Жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ та көрінеді (екі қолды қанатша екі жақта ұстап, иіліп бір қолды бір қолға жеткізу).
3. Жылы жаңбырға жуынып, өсімдіктер де жапырақтарын күнге жая бастады. (Аяқты артқа созып қолды жоғары көтеріп, денені жоғары созу).
4. Ал құстар қанаттарын қағып, ұшуға дайындалып жатыр. (Қолды қанатша қағып, отырып - тұру).
5. Жан - жануарлар да ояна бастады. (Жерге тіземен тұрып аяқтарын созу).
6. Көбелектер де ұшуға дайындалып жатыр. (Лотос қимылы)
Мына әдемі көбелек біздерді қайда шақырып тұр? кәне артынан барайықшы
Балалар, енді кілемге жайғасып отырайық, ертегі тыңдайық «Ғажайып көбелектің түсі» ертегіні айтады:
- Бір таңғажайып елде, үлкен гүл алаңында түстер көбелектері өмір сүреді. Күндіз олар ұйықтап жатады, ал түн болғанда оянып, жан - жаққа ұшады. Әр көбелек өз адамына, үлкенге де кішіге де ұшып барады. Түстер көбелегінің қанаттары ғажайып. Оның қанатынан гүлдің, жаңбырдың иісі шығып тұрады. Көбелек қанатымен қағып қалса, сол адамға жақсы түс кіреді, ал қара көбелек қанатымен қақса қорқынышты түстер кіреді. Өз түстеріңді естеріне түсіріңдерші, сіздер қандай түстер көресіңдер? Қорқынышты түстер көресіңдер ме?
Психолог: Балаларға қорқынышты түстер көрсететін көбелектердің көрсетіп оларды жыртып тастауға ұсынады. Балалар қара көбелектерді жыртады.
Психолог: Міне, біз енді ондай түстерден қорықпайтын боламыз. Балалар біз мына көбелектерге қандай түс көргілерің келеді? Соның суретін салып бояйық. Балалар сурет салады.
«Болады, болмайды» жаттығуы.
Барысы: Психолог сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса, онда қолдарын шапалақтайды, егер ондай мүмкін болмаса - онда аяқпен топылдатады.
Мысалы: қасқыр орманда кезіп жүреді - алақан шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр - аяқтарын топылдатады. Кастрюлде кесе қайнап жатыр. Мысық үйдің төбесінде қыдырып жүр. Ит аспанда жүзіп келеді. Қыз үйдің суретін салып отыр.
Тренинг: қорқыныш
Орманда қараңғы, түрлі дыбыстар шығады. Ол не екен? Қорқып кеттік. Балалар, қорыққанда не істейміз? Тұрып қаламыз. (Мимикамен көрсетеді) көзін жұмады. Ой, қорқынышты болып кетті, бұл қорқынышты жануар шығар, бір дауыс естіледі. (Мяу) Көзімізді ашып қарайық. Ол кішкентай мысық екен. Оны қолымызға алайық, жылытайық, сипайық. Міне, мысықпен дос боламыз, енді қорықпаймыз.