Ағзаны көктем мезгіліне қалай
дайындаймыз?
Әлсіздік байқалып,
көру қабілетіңіз нашарласа, А дәруменіне; Жүйкеңіз жұқарып, шашыңыз
түсіп, тырнағыңыз сына бастаса, В дәруменіне; Ағзадағы зат алмасу процесінде
өзгеріс байқалып, буындарыңыз сыр беріп жатса, С дәруменіне бай тағамдарды
дастархан мәзірінен түсірмеңіз. Буындар мен бұлшық еттеріңізге де назар
аударыңыз! Көктемде буындар сырқырап, ескі жаралар мен созылмалы аурулар сыр
бере бастайды. Қанша сақтансаңыз да, суық жел сізге жетпей қоймайды.
Дәріханаларға бас сұғып, арнайы майлар мен жылытатын кремдерді және ауруды
басатын гельдерді алып қоюға кеңес береміз. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің
үзілер тұсында жүйкенің психологиялық әлсіреуі де сыр беретіні бар. Мұндайда жүйкені
тыныштандыру үшін дене жаттығулары таптырмас ем. Күнделікті 10-15 минут
уақытыыңызды жаттығуға арнасаңыз қан айналымы және бұлшық еттердің микро және
макро элементтерімен қоректенуі күшейе түседі. Ішкі сілкініс (эндокринная
железа) бездерінің жақсы жұмыс істеуіне мүмкіншілік туады. Ағзаға жағымды
эмоциялық құбылыстардың болуына әсер етеді. Физикалық белсенділікті арттыруға
ниеттілерге көптеген әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларының мол жиынтығының
арасындағы ең бірінші орынға шығаратындары: сауықтыру жүріс, жүріспен
алмастырып тұратын жүгіру, аэробика, жүзу, гимнастика және тыныс алу
жаттығулары.