"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КОКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "ӘЙГЕРІМ" БАЛАБАҚШАСЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "АЙГЕРИМ" ГОРОДА  КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

2021-2022 оқу жылы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Заттық дамыту ортасы арқылы 3 жастағы балалардың сенсорлық қабілеттерін арттыру.

20.04.2017

Заттық дамыту

ортасы арқылы 3 жастағы балалардың сенсорлық қабілеттерін арттыру.

Ерте балалық шақ – балалардың дене мүшелерінің

және жүйелердің әсіресе ми функциясының дамуының ерекше кезеңі. Бас ми

қабығының функциясы тұқымдық бойынша тіркелмеген, олар қоршаған ортаның

ағзаларымен өзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде дамитыны дәлелденген.

Қазіргі кездегі балада,

дене түйсігі арқылы, есту сезімдерінде кемшіліктер бар. Яғни ол қоршаған әлемді

сызықты, бір жақты қабылдауы мүмкін. Сондықтанда сенсорлы жүйе сандары

қаншалықты көп, баланың тәрнбие және оқыту үрдісіне араласса, оның дамуы жоғары

және тиімді жүреді. Қазіргі өмірдің технологизациясы балалардың сенсорлы

тәжірибесінің дефицитін құрап, оны визуальді және виртуальды образдар

ауыстырған.

Мақсаты: Сенсорлы бұрыш, тәрбиелеу-білім беру үрдісінде, қосымша

білімнің тәрбиешілері және пелагогтарының ұйымдастырушылық сабақтарында,

өзіндік ойындарда, балалардың ізденіс-экспериментальды әрекеттерінде

қолданылады. Сенсомоторлы бұрыш балабақшаның топтық мекемесінде бұл – қымбат

құралдарсыз жабдықталған сенсорикалық бөлменің бейімделген нұсқасы.

Сенсомоторлы бұрыш, негізі: 

·       

сенсорлы функциялардың стимуляциясы үшін (көру, сезу,

есту т.б.);

·       

ұсақ моториканың дамуы, қозғалушы активтілік

стимуляциясы;

·       

бұлшық ет және психоэмоционалды қауыртпалықты кетіру

үшін, балалардың жақсы сезінуі және релаксацияға жетуі үшін;

·       

баланың еңбекқорлығын арттырып, жақсы эмоционалды жағдай

қалыптастыру;

·       

когнитивті үрдістердің белсенділігі (ойлау, көңіл бөлу,

қабылдау, ес);

·       

ектеп жасына дейінгі балалардың іс әрекетінің

экспериментальдылығы және өзіндік жұмысқа уәжділігінің артуы.

Біздің

ортаның, топтың моделі екі қарапайым мақсатқа негізделді:

1.Балабақша – балалар үшін екінші үй, сондықтан

оның ішінде балаларға қуанышты және жайлы болу керек;

2. Балалардың толық және жан-жақты дамуы үшін,

ойнауға, демалуға және оқуға арналған ұйымдастырылған орта болу керек.

Кіші топтардың

бағдарламаларын талдау нәтижесінде, дидактикалық және ойын материалдарының

қандай болу керектігін ойластырып, балаларға олардың жас ерекшелігін ескере

отырып, заттық-даму ортасын құру, әсіресе негізгі көңілді, балаларда

сенсорикалық қасиеттерінің дамуына бөлу керек.

Балабақшаға алғашқы

келген балаларды әдемі, ашық түсті, түрлі-түсті көмекші құралдармен,

ойыншықтармен қызықтыру керек. Театр ілгіштен басталса, балабақшада шешінетін

жерден басталады. Сондықтанда балаларды балабақшада қарсы алған кезде

кіреберістен бастап жайлы болуы керек. Балаларға түрлі-түсті полкаларда

орналасқан ашық түсті, жұмсақ, сүйікті т.б. түрлі ойыншықтарды ұсынамыз. Үйдің

образын балабақшада бөлменің интерьері қалыптастырады. Үйықтайтың бөлмеге кірген

кезде балалар сенсорлы-түрлі түсті жолақтан өтіп, оны дене түйсігі арқылы

сезінеді.

Сенсорлы бұрышты

ұйымдастыру барысында біріншіден топтық мекеме ішіндегі орналасу орнын анықтау

керек. Ол балаларға ыңғайлы жерде орналасуы керек. Бұрышқа сенсомоторлы

объектілерді таңдауда ерекше көңіл бөлінеді. Олар балалардың өміріне және

денсаулығына қауіпсіз объектілер болуы тиіс. Бұрыш сабақ тақырыбына және қажеттіліктерге

байланысты енгізілетін, негізгі және қосымша объектілерден тұрады.

Біздің топтағы

сенсорикалық бұрыш келесідей жабдықталған: достық ағашы, үй, жануарлар,

көбелектер, құстар,  шөп, гүл, күннің

көзі салынған қабырға. Бала үйін сағынған кезде алақанын анасының салынған

алақанына қоюын сұраймыз, осылай анасымен амандасып, оның жылуын және жақын

екенін сезінеді.

 Сонымен қатар сенсорлы тәрбие мәселелерін шешу

үшін әр-түрлі тақырыпты қосымшалар алынады. Арнайы дайындалған

ойыншық-тасбақалардың көмегімен балалар әр-түрлі қосымшалармен жұмыс жасайды.

Табиғат мезгілдері құбылыстарымен таныса отырып, спектр түсін атауда, көңіл

көтеріп, жаттығады.

Осындай үйдің формасы

сияқты «Ковралин» - ойын арқылы оқыту құралы, осы үйге балалар түрлі-түсті

жіптер, геометриялық пішіндер, қыстырмалар, жанында түрлі-түсті вагондары

жабыстыра алады. Қолдың ұсақ моторикасын дамытып, заттардың қасиеттері,

түстері, өлшемдермен таныстырады.

Сөйлеу қабілеттерін

дамыту үшін – қуыршақтарды, қолғап қуыршақтарды қолданып театр ұйымдастырады,

туған күндерде, ерекше күндерде ертегілер ойналады. Бала ерекше қызығатын

заттар туралы талдау жасау керек, сонымен қатар баланың, сөздерді дұрыс айтуын,

сұрақтарға жауап беруін қадағалау, үйрету.

Көру қасиеттерінің дамуы

үшін: түстерді атап, анықтайтын, контрастылы өлшемдерді (үлкен, кіші),

формаларды қарастыратын ойындарды ойнау.

 Біз келесі

дидактикалық ойындарды қолданамыз:

Түске байланысты ойындар: «Кесеге сәйкес келетін қасық

таңдау»,  «Ауа шарлары», «Қуыршақтарға

моншақтар мен ойыншықтар таңдау», «Сиқырлы қапшық», «Әдемі қоршау», «Гүлді

отырғыз», «Қоңыз адасты» және т.б.

   Формаға

байланысты ойындар: «Кез келген затты құрастыр», «Құрлысшы», «Сиқырлы

мозайка», «Түрлі-түсті пішіндер» және т.б.

Өлшемге байланысты ойындар: «Сиқырлы көбдиша», «Шарлар»,

«Құрлысшы», « Затты құрастыр» және т.б.

Қолдың ұсақ моторикасының дамуы үшін және заттардың әр-түрлі

қасиеттерімен таныстыру үшін келесі дидактикалық ойындарды қолданамыз: «Моншақ

жаса», «Қысқышты сыйла», «Жапырақтарды қой», «Сиқырлы таяқшалар», «Түймелі

алаң», «Баулар», «Баланы ора» және т.б.

Құммен, сумен, қармен ойнау барысында балаларды осы материалдардың

қасиеттерімен таныстырамыз (құм шашылады, сулы затты жабыстыруға болады,

ыдыстағы суды шәшкелерге құямыз).

Әр-түрлі жазу құралдары

арқылы түрлі-түсті және қасиеті әр-түрлі заттардың бетіне жазу, қамырдан

әр-түрлі заттарды жасауды үйрету.

Балалардың қозғалу белсенділігін арттыру үшін топ ішінің әр бұрышында

әр түрлі материалдан жасалған ойыншықтар орналасқан. Балалар жұмсақ сырғымадан

сырғанауды, әр-түрлі көлемдегі доптармен ойнауды, баспалдақтарға мініп, одан

түсуді, гимнастика жасауды, тастармен ойнағанды, суарғанды, арам шөп жұлғанды,

ойыншықтарды сүйрегенді жақсы көреді. Балалар бір заттың үстіне отырып

жүргенді, сырғанағанды, музыкамен билегенді, қол және аяқ координациясын

сақтауды да жақсы көреді.

 Сонымен қатар әр-түрлі қимылдар жасайтын

ойындарды ұнатады: «Допты қуып жет», «Өзен арқылы», «Ұшақтар», «Мені қуып жет»,

«Қақпаға», «Ақ қоян отыр», «Қайда дауыстайды», «Пойыз» және т.б.

Есту қабілетін дамыту үшін әр-түрлі дауыс шығаратын

ойыншықтар алу керек немесе мультфильмдерде айтылатын әндерді салу керек.

Музыкалық қабілетін арттыру үшін, музыкалық аспаптарда ойнаймыз,

музыкалы-дидактикалық ойындар ойнаймыз: «Үйде кім тұрады», «Динь-дон», «Қай

аспапта ойнағанымды тап» және т.б.

 Әр-түрлі дауыстары бас касеталар мен дисктер

қолданамыз: үй жануарларының және құстарының дауыстары, табиғаттың әр-түрлі

дауыстары, судың дауысы, жаңбырдың даусы, жапрақтардың қозғалған даусы.

Иіскеу сезімдерін дамыту керек. Иістер дене мен сана арасындағы

байланыс функциясын атқарады. Бірнеше студенттің ішінде белгі иіс сезу

орталығынан, эмоциямен басқарылатын мидың белгілі-бір бөлігіне беріледі.

Осыған байланысты баланың

көңіл күйіне әсер етуге болады; яғни сергітуге немесе тыныштандыруға болады

және т.б.

 Ойындар: «Менің жақсы ұнататын иісім»,

«Гүлдердің жұпар иісі», «Иісті таны» және т.б.

Ұстап сезіну үшін әр-түрлі фактурадағы материалдар

(тері, жібек, қағаз т.б.), қолға

білінетін әріптер мен сандар. Балалар формасы әр-түрлі заттармен ойнағанды

жақсы көреді.

Ойындар: «Қолмен ұстап біл», «Тауып көрсет»,

«Затты сипатта» және т.б.

В.В. Воскобовичтің

ойындары дамушы ортаға өте жақсы енеді. Оның ойындары көп функционалдылығымен

және әдемі түрімен, ылғи балалардың ойынға деген құштарлығын оятып, көңілін

аудартады.

Ойынның құндылығы –

баланың психикалық ерекшелігін ескеріп, оны қызықтырады, көңілін

мобилизациялайды, бала берілген тапсырманы шешу жолын ойлау үрдісіне

қатыстырады. Ойынның бірінші кезеңінде тек фигураларды құрастырсақ, кейін

жылдан жылға үлкен сарайлар, ракеталар, космонавттар салып, толық оқиғаларды

құрастыруға болады. Қолданатын ойындар: «Екі түсті квадрат», «Мөлдір квадрат»,

«Кавролин», «Ғажайып пішіндер».

Ойын барысында

психологиялық үрдістердің терең әрекеттесуінің (анализдаушы қабылдағышы, ес

ойлау, сөйлеу), сонымен қатар тұлға қасиеттерінің (мақсаттылық, тұрақтылық,

өзіндік т.б.) дамуы жүреді. Барлық осы ойындар бір күндік емес.

Саусақтар, жүйке импульстары орталық жүйке

жүйесіне жіберетін үлкен санды рецепторлардан тұрады және ағза жүйесінің

жұмысын жақсартады.

Осы

мақсатта ата-аналармен жұмыс өткізіліп, кеңестер берілді:

·       

«Саусақтар сөйлеуге көмектеседі»;

·       

«Саусақ гимнастикасы»;

·       

«Баланың сенсорикалық мәдениетін дамыту»;

·       

«Баланың сенсорикалық мәдениетін және ақыл-ойын дамыту»;

·       

«Қызықты гимнастика»;

·       

«Көзге арналған жаттығу»;

·       

«Кел сенімен ойнайық»;

·       

«Құмнан келген басқа планеталықтар»;

Берілген технологияны

қолданып,  бірінші сәбилер топта жақсы

нәтиже алдық. Балалар түсті, форманы, өлшемдерді жақсы игере бастады. Бұл

сабақтың балаларға ойын түрінде берілуіне де байланысты. Балалар ойынға баулып,

сабақ үрдісіне қатысып жатқандарын аңғармайды. Сондай-ақ қала деңгейінде

жүргізілген сабақтар бойынша анғарғанымыз бала емін еркін өз ойларын жас

шамалық ерекшеліктеріне байланысты жеткізе білулері  мен негізгі 5 тс пен пішіндлерді өте жоғарғы

деңгейде ажырата білуі айғақ. Сондай-ақ кіші топтан бастап білім салалары

бойынша орталықтарға бөліне жұмыс жүргізілуіне балалардың бейімделуі. Ал ата-аналар

баласының кәдімгі сабақтарсыз ойында дамып жатқанын байқайды.

Біз балабақшада  балаларға жайлы, жылы, қызықты болғанын

қалаймыз. Біздің өзімізге де тобымыз балаларға да үлкендерге де жайлы үйімізге

айналды.

 

Просмотров: 343


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст