"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КОКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "ӘЙГЕРІМ" БАЛАБАҚШАСЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ  КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "АЙГЕРИМ" ГОРОДА  КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

    

2021-2022 оқу жылы

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отан қорғаушылар күнімен

05.05.2017

Отан қорғаушылар күнімен

.


Жүргізуші:     Құрметті

асқар таудай әкелер,арқа сүйер аталар

              және де біздің

кішкентай ұландар!

Сіздерді келе жатқан  Ұлы жеңіс күнімен

және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Баршаңызға мықты денсаулық,ұзақ өмір,отбасытарыңызға бақыт,

бірлік,береке тілейміз. Желбіресін жеңімпаздар жалауы,-дей отырып осы жеңіс

күніне арнап біздің балалар тақпақтарын айтады

 

                Хасан

            Жеңіс күні,Жеңіс

жыры

            Асқақтата шырқалсын.

            Ардагерлер қалауы

            Мәңгі өшпесін алауы.

            Аян

            Жеңіс келді далама,

            Жеңіс келді қалама.

            Жеңіс келді әке боп,

            Елдегі көп балаға.

           Ахмет

           Жеңіс келді ән болып,

           Келді ауылға сән болып.

           Жеңіс келді алақай!

           Тоя жейтін нан болып.

 

        

 

 

            А.Мадияр

          

 Даламыздың даңқысыз,

            Балауса гүл,балғын

қыз.

            Жанын қиып,халқы үшін,

            Жанып түскен ақ жұлдыз.

             Ерболат

   

       Мәншүк апай

батырқыз,

            Ардақтаймыз атын біз.

            Ұқсап Мәншүк апайға,

            Өсіп келе жатырмыз.


Жүргізуші:   Жеңіс күні адамзат

аңсап күткен қастерлі күн.

Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Қазақтың қос жұлдызы Әлия

мен Мәншүк есімін,аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момыш-

ұлын,осы соғыста ерлік көрсеткен ата-апаларымыздың,әкелеріміздің есімін қашанда

мақтанышпен айтамыз.

Олардың ерліктері еш-қашанда ұмтылмайды. Ендеше осы батырларымыздың

құрметіне

ән орындаймыз.


Ән:    

 «Жеңіс күні».


 

Жүргізуші:  Бүгін біз өте қуаныштымыз,бізге бүгін

қонаққа аталар,әкелер келіп отыр.бәріңіз кешегі күнде әскери борыштарыңызды өтеп

келіп,бүгінде Отанымызды қорғайтын азамат болып қаласыздар.  Мейрамдарыңыз құтты болсын Отан қорғаушылар

күні.

            

            Батырхан

      

     Арыстан батыр – атымыз,

            Қыран құс құмай –

затымыз.

            Жауынгер жалын

жасақтың,

            Арқалы азаматымыз.

      

     Камиль

      

     Отаным,кең далам орманды,

            Болаттан соғылған

қорғанды.

            Бақыттың,шаттықтың

мекені

            Қолдаймын,қорғаймын

ордамды.

           Диар

      

     Нұр шашады алтын күн

            Отанымда мереке!

            Қона берсін еліме,

            Бақыт,шаттық береке!

            Арнур

      

    Қызмет етіп Отанға

           Бола білсең нағыз ер.

           Мақтан тұтар ерлерді,

           Туған елің,туған

жер.             

        

 

       Мади

         Отаным анамдай көремін.

         Озасың бәрінен сенемін

        Желбіреп әрқашан көк туым

        Гүлденіп көркейіп өсемін.:

     

      Нүрәлі 

           

       Отан -біздің үйіміз

       Отан біздің жырымыз,

       Отан біздің бақшамыз,

       Құлпыртатын  гүліміз.

         Қайрат       

     

        Отан –

көкшіл туымыз.

        Отан біздің еліміз,

        Отанды қорғап жүреміз

        Туып өскен жеріміз.


Барлығы:  Біз Отанның

ұланымыз,

                  Біз Отанның қыранымыз.

   Ән:

«Әке»


Жүргізуші:   Мерекемізді ары

қарай жалғастырамыз.

Әкелермен ойын «Картоп

тазала» ойыны.(4әке қатысады)


Жүргізуші:   Барлығы

орындарына жайғасады.Біздің қыздар бағанадан босқа отырған жоқ,сіздерге

балаларға арнап әкелген өз тақпақ,өлең,билері де бар.

         

        

            Інкар

            Қаһарман

халық – қазақпыз,

            Құлдықтан мүлде

азатпыз.

            Ерікті өскен ен

жайлап,

            Армансыз және азапсыз.

     

            Нурая

          Бізді

өсірген аялап,

            Отан-қамқор,сая бақ.

            Отан-ортақ үйіміз.

            Көңілді ән мен

күйіміз.

            Аделина

     

     Отан деген атамекен,

            Отан деген туған жер.

            Отан-Ана,Отан-үлкен,

            Қазақстан туған ел.

           Амина

         

 

           Туған

жер-алтын таң,

            Кең далам,таулы орман.

            Ұл мен қыз қорғаймыз,

            Бақытты ұлы Отан.         

          Маргарита

           

 Әлияны бұл күнде,

            Барлық бала біледі.

            Әлия-аты көңілде,

            Әкпеміз деп жүреді.

 

           Дәрия

            Асу

бермес шын,құздармыз,

            Жауларға

қаһар,ызғармыз.

            Қатер кеп төнсе

халқыма,

            Қалқаны болар біз

бармыз.

 

Жүргізуші:Табаны жерге тимейді,

                      Біздің қыздар ғажап билейді.

                      Би сұлулық,әсемдік

                     Сымбаттылық бұл дейді,- дей

отырып енді кезекті 

                      биге береміз.

 Би:    «Қуыршақ»

 қыздардың орындауында.

Ойын:    «Күш сынаспақ»

Жүргізуші: Ей жігіттер!

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата салтын құрметтеп

Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі-тәлімі мол бір мектеп. 

 Би: «Сарбаздар»(ер балалардың

орындалуында)   


 Викториналық

сұрақтар:

              

 (балаларға арналған)

1.  Біздің әскер күшті ме?     (Күшті)

2.  Бейбітшілікті қорғай ма?  (Қорғайды)

3.  Ұлдар әскерге бара ма?    (Барады)

4.  Қыздарды өздерімен бірге ала ма?  (Жоқ)

5.  Ұшқыш шекарада тұрама?  (Жоқ)

6.  Ол құстан биік ұшама?  (Иә)

7.  Бүгін қандай мереке?   (Жеңіс күні және Отан қорғаушылыр)

8.  Қыздар мен аналар мерекесі ме?    (Жоқ)

9.Бейбітшілік - өмірде ең қымбат нәрсе ме?   (Иә)

            

 

 (Ата-аналарға арналған)

1.    Ардагер дегеніміз кім?

2.    Майордың шені үлкен бе,әлде капитанның ба?

3.    Госиталь дегеніміз не?

4.    «Катюша» деген ол қыздың аты ма?

5.    Каска кімнің бас киімі? (сарбаздың)

6.    Шлем кімнің бас киімі?   (танкист)

7.    Генерал көзін жұмғанда не көреді?   (Түс)

8.    Әскери адамдар неге етікпен жүреді? (Жермен)

9.    Қалталы артилерия деген не? (Граната)

Жүргізуші:Асқақ ән көңілді

тербесін,

            Тұтпасын күн қара

пердесін.

            Бақытпен көз ашқан

балалар,

            Бүлікшіл соғысты көрмесін.

Ән: « Жас дәуірдің

түлегіміз»

Жүргізуші: Жеңіс күні және Отан

қорғаушылар күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді аяқтай отырып

барлығынызды ортаға биге шақырамыз.  

Би: Папалармен би

Просмотров: 267


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст