Ата –аналарға
арналған бала тәрбиесіне қажетті кеңестер
1. Баланың міндетті түрде өздігінен
орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын
қадағалауыңыз керек.
2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам
орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.
3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды
болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және
баланы асықтырмаңыз.
4. Балаңызға өз көзқарасыңызды
тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.
5. Баланың кез-келген қалауын орындауға
асықпаңыз.
6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді
үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену
керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге
болатынын білуі қажет.
7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге
дағдылаңыз.