Қош бол, сүйікті балабақшам ертеңгілігі
Залға
апайлар кіреді.
Жанар апай:
Бесіктегі
баланың
Күлгенін
көрген бір мұрат
Алдына
түсіп ананың
Жүргенін
көрген бір мұрат
Гүлмира апай:
Қымбатты
ата — аналар,балабақша қызметкерлері қонақтар, бүгін біздің бірінше жыл
мәпелеп,күтіп,тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып
салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын!
Кәнекей,біздің түлектерімізді қарсы алайық.
Балалар
музыка әуенімен кіреді.
Ахмет
Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл қызын
Анамызды
ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
Мади :
Бұл
қуаныш себебін
Бізге
қарап ұғарсың
Ер жетті деп бөбегің
Туған
Отан қуансын
Қ. Асанали:
Балабақша,балабақша
Шаңырағы
шаттықтың
Балабақша
қорғанышы
Балғын
сәби жастықтың
Қуанамыз
сыйлаймыз
Қуаныштың
мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын
күн бүгін.
Ән «Қоштасу әні»
Көрініс
«Портфель» (балалардың қойылымы)
Портфелдің
суреті салынған үйшік тұрады…..
(Жүргізуші)
Биік
те емес, аласа
Бір
портфель тұр жараса
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында
жүр таласа.
Сонда
бұны кім алған,
Ішіне
оның не салған
Құлпын
ашып көрейік
Нелер
барын білейік
Тук,тук,тук
Кіруіме бола ма?
Әлде
біреу тұра ма,
Әрине,
ешкім тұрмайды,
Тұрса
үнсіз болмайды.
Әне
пенал келеді
Сөзімді сол жалғайды…
Хасан (пенал:
Пай,пай,пай
Түсім бе,әлде өңім бе?
Жай
портфель емес тегінде
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын
Кім
тұрады бұл жерде
Жайын біліп алайын
Тук,тук,тук
Болар ма екен кіруге?
Кім
тұрадын білуге
Жауапсыз
қалды сұрағым Онда өзім тұрамын (ішіне кіріп кетеді)
Жанар апай
Енді
әліппе келеді
Портфельді
олда көреді.
К
Асанали(әліппе):
Ашық
екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
Кімдер
барын білейін
Жақсы
достар болса егер
Бірге өмір сүрейін
Жанар апай:
Есікті
ашып осы сәт
Пенал шықты ақылды
Әліппені
өзімен
Бір
тұруға шақырды
Хасан (пенал):
Кір
әліппе бас қосайық
Бірге
тұрып достасайық.
Жанар апай:
Пайда
болды «4»- ік те
Көп ұзамай «5»-тік те
Айтып
жатты жарасып
Өз
ойларын естірте.
Нұрая (5-тік):
Оқушының
бәрі де
Мені
жақсы көреді
Портфельдің дәл төрінен
Маған
орын береді.
Жанар апай:
Міне осылай портфельдің Лезде іші толып кетті Арттарынан жүгіріп «2»-лікте
келіп жетті
М .Асанали
(2-лік):
Портфелім
мені қалдырмай
Кіргізіп
ал ішіне
Жалқауларға жайлымын
Жалынбаймын
үшіңе
Жанар апай:
Сұрланып
босағадан Пенал шықты
Ұрысып «2»-ні Жерге тықты
Хасан(пенал):
Сөздеріңді
жөн көретін
Бізді
аңқау деп едің
Балалардың досы мықты
Сендерсіз-ақ күн көретін.
Еңбек
етпей ерінсе
Ол
оқушы болама?
Достарымыз «4»пен «5»
Кетіңдер, бізге жолама!
Жанар апай:
Кіргізбей екіні
Сарт етіп есік жабылды.
Оқушы екен иесі,
Міне, өзі табылды.
(оқушы
бала жүгіріп шығады)
Ахмет
оқушы бала:
Мен іздеген
портфель
Іздеп жүрсем
алыстан
Шыға келдім
алдымнан
Ант беремін,уәде
айтып.
Жақсы оқушы
боламын
Кілең бестік
аламын
Тәрбиелі, үлгілі
Қазақстан азаматы
боламын
Жанар апай:
Оқушы қарап түсінді,
Портфелінің мән жайын.
Кішірейіп бала қолыңды,
Жүгіруге тұр дап дайын.
Би «Мектебім»
Ортаға музыка әуенімен Жалқаубек келеді.
Жалқаубек:
Ой,
мында не болып жатыр. Кеттік балалар, ойнауға. Не істеп жатырсыңдар,далада қызық
болып
жатыр кеттік.
Жанар
апай: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде
биыл мектепке барасың ғой. Қарашы мына балалардың қандай балалар болғанын,
сенде талпынуың керек емеспе?
Жалқаубек:
Ой, сен мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің
мектебіңе, балалар менің досым болады,біз мектепке бармаймыз. Аналарымыз,әжеміз
оқиды, басымызды ауыртпаймыз.
Жанар апай:
Қой Жалқаубек, біздің балалар мектепке әзір,бүгін балабақшамен қоштасып
жатыр.Сен апаңнан қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін
оқып, біліп алған, кәне отыршы өзін көресің.
Ойын: «Кім жылдам
сөз айтады»
Шарты:
Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне
тұра қалады,сол әріпке сөз айтады.
Жанар апай:
Ал, Жалқаубек қалай екен біздің балалар? Олай болса менде ойынды жалғастырғым
келіп тұр
«Ия,ия» «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.
1. Мектепкебізбарамыз ба?
2.
Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
5. Ақылды бала боламыз ба?
6.
Ертеңгісін тұрамыз ба?
7.
Сабақта отырып ұйықтамаймыз ба?
8.
Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9.
Екі алғанда жылаймыз ба?
10.
Оқушы біз боламыз ба?
Жалқаубек:
Ой балалар, апаларыңда, аналарыңда шаршайды
ғой,бармаңдар
мектепке.Не керек?
Жанар апай:
Олай болса ата аналарменде«Ия,ия» «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
3.
Тамағын уақытылы бересіз бе?
4.
Сериал көріп жатасыз ба?
5. Ұрсып,нұқып үйретуге барасыз
ба?
6.
Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
7.
Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8.
Сен оқыт, мен оқыт, шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9.
Балаңыз үшін балаларға үрысасыз ба?
10.
Бала үшін асулардан
асасыз ба?
Ән «Үйретеді»
Жанар апай:-Балалар
біз мектепке не үшінбарамыз?
Маргарита : -оқып білім алу үшін
Мадияр : -еліме еңбек ету үшін
Мади :
Білімді азамат болу үшін
Камиль :
Ер жетіп Отанымды қорғау үшін
Жанар апай: Көрдің бе Жалқаубек, біздің балалар қандай
ақылды, өнерлі екенің. Балалар, мен тағыда сендермен ойын ойнағым келіп тұр,
Кел Жалқаубек сенде бізбен бірге ойна.
Ойын: «Шалшықты
судан өтіп көр»
Шарты: Балаларға бірден10-ға дейінгі сандар
беріледі,музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.
Жалқаубек:
Балалар, сендер оны қайдан біліп алдыңдар?
Менің
асығымнан,фишкамен мен добымнанда қызық ойын екен,менде үйге барып мектепке
дайындалайын. Балалар сау болыңдар, күзде мектепте кездесейік.
(Жалқаубек шығып
кетеді, қоштасып)
Жанар апай:
алдарырыңызда біздің сәбилеріміздің құттықтаулары.
Інкар:
Өтті
қызық көп күндер
Алты
жасқа жеттіңдер
Барасыңдар
мектепке
Бір
белестен өттіңдер
Қайрат:
Өсті
ақыл ойларың
Өсті
сана бойларың
Қуанышты
бүгінгі
Құтты
болсын тойларың.
Жанар апай:
Рахмет
көп көп
Балаларымыз
көңілді
Шақырамыз
ортаға
Тойымызға
сән беріп
Би
билейік тамаша.
Би «лентамен» биі
Гульмира:
Оқимыз
білім аламыз
Болашақ
жолын саламыз
Бақшаменен
қоштасып
Біріншіге
барамыз деп енді.
Ән «Первоклашка»
Жанар:Ал
енді балаларымыздың балабақша апайларына өз ризашылықтарын білдірмек.
К.Асанали:
Денсаулыққа болаттай,
Ауруларды
жолатпай.
Күнде болған
әбдігер,
Қамқоршымыз
дәрігер
Дәргер апайға мың
рахмет
М.Асанали:
Гүлдендірген
бақшаны
Меңгеруші апай
жақсы адам
Сондықтанда да
біз үшін
Артықсыз сіз
басқадан
Айгүл
Кенжебайқызына мың алғыс.
Жанар
апай :
Үйренгенбіз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұрылған билерді
Үйреткен Алмажан апайға мың алғыс
Нурая:
Тәтті тағам
пісірген
Айран, сүтін
ішкізген
Дияна апайға
Сізге де мың
алғыс
Мадияр
:
Жазу жазып
үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге
үйреткен
Жақсы болсақ
қуанған
Қате болсақ
кешірген
Гулмира,Жанар
апайларға
Айтамыз біз мың
алғыс
Мади :
Бізді баптап
қараған
Күлімдеген жақсы
адам
Ақ төсекке
жатқызған
Басымыздан
сипаған
Ботагөз
апайға мың рахмет.
Жанар апай:
Ендігі тамашалайтыңдарыңыз балалардың аналарымен билеуі.
Би:
Аналармен
Жанар
апай: ортаға балалардың әнін тамашалауға
шақырымыз.
Ән
«Жас дәуірдің түлегіміз»
Гульмира
апай:
Бүгінгі той
бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
Мектеп есігі
әрқашанда ашық болсын!
Біріншіге баратын
қадамдарың құтты болсын!
Би:
«Қоштасу вальсі» (қыздар мен ұлдар)
Жанар апай:
Бәріміздің ақылшымыз,панамыз.
Ақыл сұрап,тірек
болар саямыз
Айгүл апай балабақша тірегі
Қошеметтеп,қол
соғып,қарсы аламыз
Ендігі сөз
кезегін балаларға деген ақ тілегін,жылы лебізін білдіру үшін «Айгерім»
балабақшасының меңгерушісі Исакова Айгүл Кенжебайқызына сөз береміз. (грамота
балаларға, ата аналарға, медаль тарту етіледі)
Жанар апай:
Бір ата,бір
ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда
жүрсек тілегіміз,
Бірлік
барда,тірлік бар деген бабам.
Бірлікпенен бірге
соқсын жүрегіміз!