Балабақшамен қоштасу кеші
Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті
қонақтар, ата – аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
қамтамасыз ету жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған «Балапан»
бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшамен қоштасу
ертеңгілігіне Қызылорда қаласының №1 «Шұғыла » балабақшасының
«Балдәурен» тобының бүлдіршіндері апайларымен
брге «Бақытты балалық шақ» ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік
барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан
келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап,
өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз!
(Ұшақтан үш бала түседі апайларымен бірге)
Жүргізуші Бекарыс: Қайырлы күн құрметті
қонақтар! Бүгінгі біздің мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші Ерке: Добрый день, уважаемые
родители, дорогие дети! Гости нашего праздника!
Жүргізуші Ақерке: Гуд дэй дие пейрентс
чилдрен энд гест! Уэлкэм ту ауэ холедей!
Жүргізуші Бекарыс: Құрметті қонақтар
армысыздар,
Бәріңізде есен сау бармысыздар?
Қоштасатын күн келді бақшаменен
Апайларға айтатын алғысым бар.
Ақ тілекті ағытып біз тастайық,
Қоштасатын әнімізді бастайық.
Әдеппенен өнегені үйреткен,
Бақшамызды есімізге сақтайық!
Жүргізуші Ерке: Сегодня у нас
торжественный день мы прощаемся с нашем любимым детским садом. Мы хотим
показать, все то, чему мы научились детским саду.
Жүргізуші Ақерке: Диэ пэйрентс, тичерс
энд гетс, уэлкэм ту ауэ градуэт консет уеа а глэд ту си ю, Бикос, тудэй из вери
импотант дэй ин ауэ лайф. Уи а гоуиң ту градуэт ауэ киндергаден. Ауэ нью лайф
би континю скул.
Жүргізуші Ерке: Сүйген өз қыз, өз ұлын.
Бөбегім деп аянбай
Балабақша өз үйім
Апай болды анамдай деп Хамида Күзембайқызын
Жүргізуші Ақерке:Баулып, баптап өсірген.
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді.
Ұмытпаймыз сөзіңді деп Назым Бауыржанқызын ортаға шақырамыз.
(Бекарыс алып келеді)
Хамида Күзембайқызы: Құрметті бүгінгі
ертеңгілігіміздің қонақтары, ата - аналар, ұстаздар! Алдарыңызда тұрған балалар
осыдан бірнеше жыл бұрын кішкентай ғана бүлдіршін балдырғандар еді. Енді міне
бойлары да, ойлары да өсіп, бірінші сыныпқа қадам басқалы тұр. Балаларға
"Қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарыңа нұр жаусын", дей отырып
"Қош, сүйікті балабақшамыз!"атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіз.
Назым Бауыржанқызы:Қымбатты ата – аналар,
балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп ,
тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы
отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын!
Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда , тірлік бар деген бабам.
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! – дей отырып
құттықтау сөзді балабақша директоры Ләззат Жұмағалиқызын шақырамыз.
Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ортаға «Балдәурен» тобының бүлдіршіндерін шақырамыз
Вальс: Барлығы
(Билеп болған сәтте балалар жайғасады. Ғажайып сәт
келеді)
Ғажайып сәт Мальвина Ерке: Мен кайда
келдім? Не болып жатыр? Сәлеметсіздер ме? Мен бақыт іздеп жүрмін көрмедіңіздер
ме? Айййййй айяғым бұл не өзі айна?Аааааа айна екен го жана ойнаймын деп айнаға
қарайда алмадым жақсы болды го.
(Айнаға қарайды танғалады. Түсіріп алады Айнадан
гүлдерді көреді де халыққа қарап айнаның сыйқыры барын айтады, айналасына қарап
Малвина Айнаға кіреді)
Айнаға кіріп жан жағына қарайды айналады гүлдерді
көреді,
Би: Гүлдер (Айда, Гүлсара, Айым, Б.
Нұрай, С.Нұрай, Мадина)
Мальвина: Гүлдер бақыт
деген не? Сендер бақытты көрдіңдер ме?
Гүлдер: Көрмедік
Ән: Гүлдер (Мадина, Айя, Т.Алихан,
Мүслім)
(Малвина қоштасады. Мальвина айнасына қарайды Шығыс
елін көреді.)
Би: Шығыс (Алмагүл, Айым, Б, Нұрай,
Гүлсара )
( Ғажайып сәт Алладин құмыра ұстап шығады )
Алладин Қыран : Саламатсыңдар ма
балалар мұнда балабақшамен қоштасу кеші болып жатыр деп естіп келдім. Менің
шығыс сұлуларымның биі сіздерге ұнады ма?
Мальвина: Сәлеметсізбе
Алладин! Мен бақыт іздеп жүрмін, маған сіздің көмегіңіз керек.
Алладин : Бақытты білім
елінен іздейік. Саяхат жасауда менің сиқырлы құмырам көмек бере алады.
Құмырамды көріңдер
Ғажап әрі әдемі
Қаптап жаса күмістен
Шеберлер салды өнерді
(Алладин шамды ысқылайды джин шамнан билеп шығады)
Мальвина: (Джиннен
қорқады.) Бұл не сиқыр болып жатыр?
Алладин: Біз білімділер
еліне саяхатқа жиналдық.
Малвина: Менде сендермен
бірге барайыншы?
Джин Динара: О ,мейірбанды
балалар
О, асем , көркем жұлдыздар, менің достарым!
Сіздер мені мына қапастан шығардыңдар
200 жыл бұл ыдыста, мен балалар отырдым
Карлик катыгез мені ыдыста тығындауға бұйырды
Мен сіздердің құлың болам өле өлгенше
Сіздерге қызмет жасауға мен қуаныштымын!
Барлық тілектеріңді орындаймын!
Алладин: Біз саяхатқа
жиналдық орында біздің өтінішімді. Бүгін жұлдыздар мерекесі.
Джин: Еш көмексіз мен айтамын
Ғажайып жоқ ешандай
200 жыл құмырада
Мен отырдым қуанбай
Шашу шашып, ойын ойнап
Бұл мереке, бұл тойда
Ән салыңдар, би билеңдер
Арма, тілек ойларыңды
Орындаймын бұлжытпай.
Алладин: Бізге бітіруші
бүлдіршіндердің білімдерін тексеру керек.
(Мальвина айнасына қарайды)
Мальвина: Мен математика
елін көріп тұрғандаймын
Джин : Жақсы менің мырзам! Орындаймын
өтінішіңізді
(Джин шамын ысқылайды математика еліне түседі)
Буратино Алихан: Қиынсып
қашпаймыз
Үйренеміз жастай біз
Көңілді әуен сазымен
Санауды біз бастаймыз
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 кері санау
Біз сабақты бастаймыз
Қайталаудан аспаймыз
Есептенде қашпаймыз
Буратино Алихан: Өздерің жұмбақ
жасыра білесіңдер ме?
1 бала Т.Данияр: Ала қанат
сауысқан
Құртты көрсе жабысқан
Екеу едің басында
Үшті қоссаң қасына
Нешеу болдың туысқан?
2 бала Алмагүл: Бұлбұл әсем
жырлайды
Ел жұрт елтіп тыңдайды
Төрт бұлбұлға біреу қоссаң
Нешеу болып сайрайды?
3 бала Қадыржан: Кекілік ау
кекілік
Ойнайсың ау секіріп
Бір орында тұрақтап
Отырмайсың бекініп
6- дан 4 ті алғанда
Қалады екен нешелік?
4 бала Гүлсара: Үйрегім ай,
үйрегім
Келп жүрме билегің
Бесеу едің басында
Жүзіп кетті төртеуі
Қалды нешеу артында?
5 бала Нұрәли: Далада тұр екі
ешкі
Қорада тұр екі ешкі
Болады барлығы неше ешкі?
6 бала Айя: Бір алманы төрте
бөлдім
Бір бөлігін жепте көрдім
Қалған үлкен үш бөлігін
Қасымдағы үш досыма бердім
Қолымда менің де не қалды?
Буратино: Балалар мен сендермен
қоштасамын. Білім кілтін Мальвина мен саған ұсынамын. Қош сау болыңдар!
Ән: Дважды два четыре (Қыдырәлі ,хор)
Мальвина: Бұл білім елінде
балалар өте өнерлі екен. Бір топ балалардың өнерлерін тамашалайық.
Мирас: Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың Балабақша қорғанышы Балғын сәби жастықтың Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін Бақшамызбен қимай біз Қоштасатын күн бүгін
Дәулет: Балабақша
базарлы үй Көшедегі ажарлы үй Шаттығы бар шуақта Өз үйіміз сияқты Оқимыз білім
аламыз Болашақ жолын саламыз Бақшаменен қоштасып Біріншіге барамыз
Б.Данияр: Мектепке ертең
барамыз
Оқимыз білім аламыз
Қашықта болса арамыз
Сіздерге келіп тұрамыз.
Мектеп қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз.
Т.Данияр: Мектепке енді
барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз.
Қолыма гүл аламын
Дайын дәптер қаламым
Таңқалдырып достарымды
Мен мектепке барамын.
Қадыржан: Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз
Көңілді әуен сазымен
Жаттығуды бастаймыз.
Мәпелеген анамыз
Бақша болды панамыз
Мектепке енді барамыз
Оқып білім аламыз.
Мальвина: Мен түсініп келе
жатқан сияқтымын. Мына балалар білімді, өнерлі екен. Бақыт деген осы шығар?
Алладин бақыт деген осы ма сен қалай ойлайсың?
Алладин: Ендеше біз
Джиннің шамын тағы бір сынап көрейік.
(Джин шамын тағыда ысқылайды, сауат ашу әлеміне
түседі)
Әліппе Қыдырәлі: Сәлеметсіңдер ме
балалар!
Менің атым - Әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ержеткен
Бауыржанда, Мәлікте
Сендер әріптерді білесіңдер ме? Мен қазір сендерге
жұмбақтар жасыру арқылы білімдеріңді саралап көремін!
Отанымыз анамыз
Отан сүйген баламыз
Оқып білім аламыз
Отты болып жанамыз
«Отан » сөзін жазамыз
«Өз жұртым» мыналар
Ең жақын адамдар
Әкем мен аналар
«Әке», «Ана» сөзін құраңдар
Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз- деп «Мектеп» сөзін құраңдар.
Би: Мектеп (Айда, Мүслім, Аружан,
Төлеби, Б.Нұрай, Сырым)
М Айда : Момын менің
мінезім
Момындықтан бақ табам
Мол жұмысты бір өзім
Мойымастан атқарам
Е Мүслім: Елгезек мен баламын
Ерінбеймін ешқашан
Елімізді қорғайтын
Ер азамат боламын
К Аружан: Көкем- менің
тірегім
Көкем сүйер түлегін
Көп жұмысын орындап
Көмекші болып жүремін.
Т Төлеби: Талмастан алға баратын
Талабың ұшқыр қанатың
Тағлымы елдің өнеге
Талаппен үлгі алатын.
Е Б.Нұрай: Есті бала ер
жертіп
Едің қамын ойлаған
Ессіз бала кері кетіп
Есерлігін коймаған
П Сырым: Пайымдадық
әдепті
Пайымдадық әдетті
Парықтадық, үйрендік
Пайымдымыз әдепті.
Мальвина: Жарайсыңдар
балалар! Барлықтарың алғыр, ақылды екенсіңдер.
Хор: Әліппе
Нұрәли:
Айда:
Арсен:
Сырым:
Мадина:
Ән жеке: Отанның жас өркені
(Б.Нұрай, Гүлсара,Айда, Дәулет, Қадыржан, Сырым)
Мальвина: Маған балалардың
өнерлері ұнап жатыр бояулар әлеміне барайықшы. Бақытты мен сол жақтан табатын
секілдімін.
Алладин: Дұрыс айтасың,
барсақ барайық.
Джин: Қазір әміршім
(Джин шамын тағыда ысқылайды, кенеттен ол бояулар
әлеміне емес,орманға түсіп кетеді)
Алладин: Біз қай жерге
келдік? Біз мектепке барамыз деп едік?
Ертегі: Жәндіктер
достығы
Құмырсқа Б.Нұрай: (Тауып алған
дәнді идеуіне шаршап шалдығып көтеріп келе жатады.) Мына
дәнімді тауып алып едім, көтере алма жатырмын. Оооо қалай көтеремін. Маған
көмектесетін кім бар, кім көмектеседі. Ойййй АРА (араға қарай жүгіреді) Оййй
кетіп қалды, енді маған кім көмектеседі? Ойй ҚОҢЫЗ (Қоңызға қарай
жүгіреді) Бұлда кетіп қалды? Енді маған кім көмектеседі? (Құмырсқа
мұңайып дәннің қасында отырады)
Керемет музыка әуенімен Ззззззззззззззз
(Ара гүлдердің тәтті шырынын қолындағы себетіне салып келе жатады)
Құмырсқа Б.Нұрай: Ара мына дәнімді
үйіме жеткізе алмай жатырмын, сен маған көмектесесін бе?
Ара Айым: Мен себетімдегі
гүлді жинап болмай ешкімге көмектесе алмаймын. Құмырсқа сен маған
ренжіме. (Ара кетіп қалады, керемет музыка әуенінде қоңыз самакатқа
мініп келе жатады)
Құмырсқа Б.Нұрай: Қоңыз мына
дәнімді үйіме жеткізе алмай жатырмын, сен маған көмектесесін бе?
Қоңыз Т.Алихан: Жоқ ренжіме
құмырсқа дәнді көтере алмайды екенмін. Сен маған ренжіме. Сау бол
құмырсқа (қоңыз кетіп қалады)
Құмырсқа Б.Нұрай: Мына дәнді
көтеремін деп тақпағымды да ұмытып қалдым ғой, енді Назым Бауыржанқызына не
айтамын (ызылдап достық әніндегі инеліктер мен қоңыз ән шырқап келеді)
Инелік бір Гүлсара: Сенің түріне не
болған?
Құмырсқа Б. Нұрай: Инелік мына
дәнімді үйіме жеткізе алмай жатырмын, сендер маған көмектесіңдер ме? Жана маған
арамен қоңыз көмектеспеді.
Инелік екі Б.Данияр : Сен жылама біз
саған көмектесеміз
Қанқызы Алмагүл: Ара мен
қоңыздікі дұрыс емес.
Инелік бір Гүлсара: Мен барып ара
мен қоңызды шақырып келейін.
(Осы кезде қанқызы мен инелік екі сен
жыылама деп құмырсқаны жұбатады)
(Ортаға ара мен құмырсқа келеді)
Қанқызы Алмагүл: Көп қосылса көл
болады деген осы (Барлығы жабылып дәнді көтеріп, құмырсқаға көмектеседі)
Құмырсқа Б.Нұрай: Сендерге көп
–көп рахмет достар!
(Барлығы келіп паклон жасайды)
Мальвина: Мен жәндіктердің
достығы керемет екен. Бақыт дегеніміз достық па екен?
Алладин: Мүмкін. Джин сен бізді
бояулар әлеміне жеткіз.
Джин: Әміріңе құлдық
Би: Лентамен
Алладин: Біздің ән айтқымыз
келіп тұр, Джин шамынды қайта ысқылап әсем әнмен, бояулар әлеміне алып бар.
Джин: Әміріңізге құлдық
Би: Белоснежка мен гномдар
До Нұрәли: До
Ре Мирас: Ре
Ми Тлеуқабыл: Ми
Фа Мүслім: Фа
Соль Сырым: Соль
Ля Дәулет: Ля
Си Т.Данияр: Си
Белоснежка Жансұлу: Әлемде 7 ақ нота
бар
«До,ре,ми,фа,соль,ля,си»
Сен оларды ұғып ал
Қайталап әркез есіңе ал
«До,ре,ми,фа,соль,ля,си»
Ән: До, ре,ми
Мальвина: Балалар өте
өнерлі екен. Балалар тек қана әнші ғана емес суреттіде керемет салады екен.
Қарандаш Айя: Мамандығым мақтарым
Мен суретші боламын
Портрет ,пейзаж, натюрморт
Бәрін, бәрін саламын
Сурет салу өнерім
Бояулар менің достарым
Ән: Бояулар (Ақерке, Бекарыс, Ерке)
Пейзаж: Ақерке
Натюрморт: Бекарыс
Портрет: Ерке
Натюрморт Бекарыс: Мен сурет салғанды
жақсы көремін, доп теуіп шахмат ойнағанда маған ұнайды.
Би: Футболистер (Арсен, Қадыржан,
Т.Алихан, Алихан,Төлеби , Б.Данияр)
Би: Спортшылар (Қыран, Т.Данияр,
Қыдырәлі, Сырым, Мирас, Тлеуқабыл)
Хор: Детский сад
Көрініс шахмат: Балалармен жұмыс
(Қадыржан, Айым, Гүлсара. Ақерке,С.Нұрай, Б.Алихан, )
Көрініс: Аспанға қараймын
Дәрігер: Арсен
Аспазшы: Мирас
Ұстаз: Гүлсара
Полиция: Б.Данияр
Суретші: Бекарыс
Мальвина: Балалар мен
түсіндім іздеп жүрген бақыт ол біздің қолымызда екен. Ол білімді, ақылды,
өнерлі балалар деп түсіндім. Түрлі мамандықтың өзіндік сыры бар екенін ұқтым.
Мына буратино беріп кеткен білім кілтін мен сендерге табыстаймын. Мен енді
мектепке баруға дайындалайын. Сау болыңдар!
Алладин: Меніңде мектепке
барғым келеді. Менде сендермен қоштасымын. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыздар!
(Бірге шығып кетеді)
Алмагүл: Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Би - биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Гүлге толы жан - жағым,
Асыр салып жүгірдім.
Өсті талап талғамым,
Көп нәрсені ұғындым.
Төлеби: Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,
Бала бақшам қош енді.
Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата – ананы
Мектепке кетіп барамыз.
Тлеуқабыл: Мектепке ертең
барамыз,
Оқимыз білім аламыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға кетіп барамыз.
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып бала - бақшамен,
Мектепке кетіп барамыз.
Айым: Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызды қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
Алау болып жанамыз
Құлыншақ боп шабамыз
Балапандай талпынып
Көкке қанат қағамыз.
Т.Алихан: Шықтық міне хат танып
Жырын елдің жаттадық
Ұстазымның еңбегі
Жатса екен ақталып.
Құштар болып білімге
Біз өрлейміз түбінде
Бақшамызды тәмәмдап
Алға кеттік бүгінде.
Би: Қазақша (Ерке,
Алмагүл,Мадина, Ақерке,Аружан,Айя,Айда,С.Нұрай)
Хор: Чему учат в школе
Қыдырәлі: Сегодня мы
прощаемся
С любимым детским садом
Мы выросли, мы выросли
Идти нам в школу надо
Б.Нұрай: Спасибо воспитателлям
Спасибо няням нашим
И доктору, и повару
Мы всем «Спасибо» скажем
Гүлсара: Сегодня день особенный
И грустный и веселый
Мы выросли, мы выросли
Идем учится в школу
Б.Алихан: Куклы мишки и
петрушки
Грусно смотрят на ребят
До свиданья игрушки
До свиданья детский сад
Мүслім: В сумке новые тетради
Ручки и карандаши
До свиданья лошадки
Мы уже не малыши
Айя: Здесь дружили мы играли
Буквы первые узнали
Незаметно подрастали
И совсем большими стали
Гүлсара: Прощайте куклы, зайки, мышки
Теперь важней тетрадьки, книжки
Учеником прилежным будь
Успехов, счастья
И добрый путь!
Пародия: Мақпал Жүнісова (Мадина)
«Қазақ қызы»
Юрий Шатунов (Төлеби) «»
Алғыс білдіру сәті
Қыран: Жиналамыз шат күлкімен
бақшаға
Тең келмейтін ғажап мекен басқаға
Дәл осындай бөбекжайды сыйлаған
Алғысымыз зор Сейітқали атаға
Аружан: Гүлдендірген бақшаны
Балабақша директоры жақсы адам
Сондықтанда біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Ләззат Жұмағалиқызына мың алғыс!
Арсен: Жайдары жүз ай қабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Айнұр Серікбайқызына мың алғыс!
Алмагүл: Қайнаған су әкеліп
Іш деп дәрі береді
Жылтыңдатып инесін
Түршіктірер денеңді
Алмагүл Ережепқызына мың алғыс!
Қыдырәлі: Тәтті тағам
пісірген
Айран сүтін ішкізген
Аспазшы апайларға
Сіздерге мың алғыс!
Айда: Ақ төсекке жатқызған
Тәтті тамақ жасаған
Бала болып ойнаған
Рәзия Мұхтарқызына мың алғыс!
Барлығы бірге: Баулап баптап
өсірдіңіз
Балалық етсек кешірдіңіз
Ұмытпаймыз өзіңізді
Ұмытпаймыз сөзіңізді
Тәрбиешілерге мың алғыс!
Хор: Воспитатель
Жүргізуші Аружан: Тәрбие берген
бақшамыз Тәртіпті бала боламыз Алда үлкен белес бар Сүрінбей өтіп барамыз
Жүргізуші Нұрмұхамед: Бала бақша, бала бақша,
Шаңырағы шаттықтың
Бала бақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
Жүргізуші Нұрай: Сыңғыр, сыңғыр
қоңырау Қоңыраудың шақырған Тәтті әуені ән думан Білім алған бақшадан Біз
көңілді балдәурен Шақырады мектепке.
Ән: Детский садик (Аружан, Нұрай,
Нұрмұхамед)
Жүргізуші Аружан:
Жүргізуші Нұрмұхамед: Уважаемые родители,
дорогие дошколята! Вот и закончился наш прощальный празник с детским садом.
Дорогие наши друзья, сверстники! Желаем вам счастливого будущего, чтобы перед
вами не было преград, досвиданья, детский сад любимое наше гнездышко! Здраствуй
школа!
Жүргізуші Нұрай:
(Барлығы қол ұстасып мектепке кіреді, қоңырау
қағылады)